Мәселе

ДСМ "маскадан құрт шықты" деген ақпаратқа жауап берді

  • https://stopfake.kz/

    https://stopfake.kz/

Қазақстандықтар блогерлер медициналық маскаларды микроскоппен тексерген роликтерді талқылауда деп хабарлайды stopfake.kz.

 

Бетперделердің кейбіреулерінен үрлеген кезде қозғалатын қара талшықтар табылған. Пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл паразиттер немесе моргеллон құрттар болуы мүмкін.

 

<video width="640" height="352" style="width: 1920px; height: 1080px;" class="wp-video-shortcode" id="video-5514-1_html5" preload="metadata" src="https://stopfake.kz/wp-content/uploads/2021/03/WhatsApp-Video-2021-03-30-at-14.08.32.mp4?_=1"><source type="video/mp4" src="https://stopfake.kz/wp-content/uploads/2021/03/WhatsApp-Video-2021-03-30-at-14.08.32.mp4?_=1" />https://stopfake.kz/wp-content/uploads/2021/03/WhatsApp-Video-2021-03-30-at-14.08.32.mp4</video></p>

 

 

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаларды жоққа шығарды.

 

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 231-бабының 2-тармағына сәйкес, ҚР аумағында дәрілік заттар өндіруді Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 

Демек, Қазақстандағы медициналық маскалар сертификатталған және қауіпсіз. Оларда құрттар мен басқа бөгде заттар жоқ.

 

Сонымен қатар, моргеллон құрттардың бар екендігі дәлелденбеген. Олар туралы алғаш рет үй шаруасындағы әйел Мэри Лейтао айтқан. Баласы ауырып, денесінде көрінбейтін жәндіктер жыбырлап жүргеніне шағымдана бастағаннан кейін, ол бұл бұрын белгісіз болған аурудың белгілері болуы мүмкін деп ойлайды. Мэри Лейтао Morgellons Research Foundation қорын құрады және Конгресс пен АҚШ үкіметінен жаңа жұқпалы ауруды зерттеу туралы шешім қабылдауына қол жеткізеді. Дегенмен, мамандар құрттарды таба алмады және олардан туындайтын нақты ауру жоқ деген қорытындыға келеді. Теріде жәндіктер мен құрттар жыбырлап жүргендей сезім – бұл басқа аурулардың, соның ішінде дерматоз сандырақ белгілері.

 

Еске сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

 

 

        




Көрілген: 3121    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 17:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31