Мәселе

"Дұға тіледім": Арыстағы жарылыста жалғыз қалған бала оқиғасын айтып берді

  • "Дұға тіледім": Арыстағы жарылыста жалғыз қалған бала оқиғасын айтып берді

Арыстағы жарылыста жалғыз қалған бала оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrartv арнасына сілтеме жасап.

10 жастағы Саян Қабылов Арыстағы жарылыс кезінде туғандарын қалай тапқанын айтады. Жаттығуға кетіп, ата-анасынан алшақ жүргенде снарядтың атылғанын көрген жеткіншек туғандары үшін алаңдағанын жеткізді. Ол сабыр сақтап, қауіпсіз орын іздегенін есіне алды.


"Барлығының жылап, қашып бара жатқаны есімде. Мен де жыладым. Жалғыз қаламын ба деп ойлап қалдым. Бірақ қорыққан жоқпын. Біз жаттығуда едік. Жаттықтырушымыз бәрімізді жинап, қаша жөнелдік. Спорт алаңының жанында атам тұрады. Біз сол жаққа қаштық", - дейді кішкентай Саян.


Қазіргі таңда арыстық басқа балалармен бірге сауықтыру лагерінде демалып жатқан Саян қалай дұға тілегенін айтып берді. Кішкентай бала өліп қаламын ба деп қатты қорықса да, ата-анасының жағдайын ойлаған. Артынша әжесін тауып алған ол қалай аман қалғанын айтып берді.


"Мектеп жанды, қорқып кеттім. Өліп қаламын деп ойладым. Қауіпсіз жерге барған кезде бір ағаның телефонынан анама хабарластым. Бірақ сөндірулі болды. Мен барлығы тірі болса екен деп дұға тіледім. Артынша бір тойхананың жанында әжемді кездестіріп қалдым. Екеуіміз бірге қашты. Сол кезде де дұға тілеуімді тоқтатпадым", - дейді Саян Қабылов. 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 23:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30