Мәселе

Дүнген қауымдастығы басшысының Қытайдан қаржылай көмек сұраған жазбасы таралуда (фото)

  • http://russian.people.com.cn/

    http://russian.people.com.cn/

Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Хусей Дауровтың "Қытай билігінен көмек сұрап жазғаны" делінген хат пен оның қазақшаға тәржімаланған нұсқасы тарауда.

 

Онда Қытайдағы дерттің салдарына қалыптасқан ауыр жағдайға қарамастан көмек сұрауға мәжбүр болғаны, қаржылай көмек күтетіні жазылған.

 

"Аса қадірлі, сүйікті достар, аға-бауыр, әпке-қарындастар, барша бауырластар! Қытай елі апатты бастан кешіріп жатқан кезде, он мыңдаған адам қорқынышты ауруды жұқтырып, мыңдаған адам өлген шақта біздің Қазақстанда да қайғылы оқиға орын алды. Біздің біраз ауылдарымыз тонаушылыққа, қанды қырғынға ұшырады. Соның кесірінен 11 адам өліп, 100-ден аса адам жараланды. Үйлер мен сауда орталығы, көліктер өртенді. Кішігірім жанжалдың арты әлдебір арандатушылар мен Қазақстанның бейбіт дамуын көре алмайтындардың әлеуметтік желі мен whatsapp арқылы қоздыруының салдарынан тонаушылық пен қырғынға ұласты. Негізі жанжалдасушылар сол күні-ақ ымыраға келген болатын.

Қытайдың вируспен күресіп жатқан кезінде біздің бұлайша қаржылық көмек сұрағымыз келмеген. Бірақ біз де Қытайға гуманитарлық көмек жібердік. Қытайдағы және ол жақтан келген достарымыздың біздің тағдырымызға тілектестік білдіріп, көмек беруді талап етіп отыруы себепті Дүнген қауымдастығы үшін ашылған шотқа қаржылай көмек берулеріңізді сұраймыз" делінген жазбада.

 

Қордайдағы жанжалдан кейін дүнген қауымдастығының басшысы Хусей Дауровтың әлеуметтік желідегі парақшаларына қызығушылық арта түскен. Оның жазбалары қоғамда түрлі реакция тудырып, қызу талқылануда. Қордайдағы жанжалға дейін Дауров facebook парақшасында Қытай билігінің әрекеттері, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесулері, жасаған сапарлары, Қытай үкіметінің коронавируспен күрес барысы, Қытай қоғамындағы оқиғалар туралы жаңалықтармен жиі бөлісіп отырған. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл әрекетін "қытайшыл" адам ісі деп айтыптаған.

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30