Мәселе

Дүрбелең туғызатындар жауапқа тартылады – мемлекет басшысы

  • https://alau.kz/

    https://alau.kz/

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіретін азаматтар заңға сәйкес жазаланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Біз ел-жұртты арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деді Тоқаев коронавирусқа байланысты телеарналар арқылы жасаған үндеуінде.

 

Президент барлық БАҚ пен интернет ресурстар тек ресми мәліметке сүйеніп жұмыс істеуі керек екенін атап өтті.

 

"Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет. Татулық пен тұтастықтың арқасында кез келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып қауіпті індетпен күресуіміз керек. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

 

Қазақстанда коронавирус

 

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде тоғыз адам коронавирус жұқтырған: жетеуі Алматы қаласында, қалған екеуі Нұр-Сұлтанда.

 

Вирус жұқтырғандардың арасында он екі жасар бала бар. Ол Алматыға Германиядан ұшып келген.
16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуір таңғы 07.00 дейін күшінде болады.

 

Осыған байланысты азаматтар үшін ел аумағына кіру және шығу шектелді. Ірі сауда ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, фитнес орталықтар, бар, түнгі клубтар мен моншалар жұмысын тоқтатты. Супермаркеттер мен базарлар, дүкендер жұмыс істей береді.

 

Мектеп оқушылары дүйсенбіден бастап каникулға шықты. Балабақшалар жабылған жоқ, бірақ баланы апару-апармауды әр ата ана өзі шешеді.

 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31