Мәселе

"Душта қызға сығалаған". Түркістан облысында түсірілген видеоның мән-жайы

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Түркістан облысы Төле би ауданындағы лагерьде түсірілген видеоның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Ғacebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.


"Кеше Төле би ауданында балалар лагерінде болған оқиға бойынша, комиссия 14-15 жастағы жасөспірімдер 18 жастағы тәрбиешіге душқа түсіп жатқанда сығалағанын, ал қыз оларды байқап, кейін өзі жазаламақшы болғанын анықтады. Көзге көрінетін дене жарақаттары табылған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс ашылды. Барлық мәліметті бала құқықтары жөніндегі уәкілге Аружан Саин жеке баяндады", - деп жазған ол.


Ал Аружан Саинның Ғacebook-тегі жазбасында, бұл жағдайды видеоға ұлдардың бірі түсіріп, WhatsApp қосымшасы арқылы топқа жібергенін мәлімдейді.


"Белгісіз топ мүшесі ата-аналарға видеоны жіберген. Кәмелетке толмағандар деректі жоққа шығарып отыр. Демалушылардың ата-аналары шақырылды. Көзбен қарағанда кәмелетке толмағандардан жарақат байқалмайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.


Еске салсақ, бұған дейін желіде Түркістан облысы Төле би ауданындағы "Сұңқар" лагерінде балалармен қатыгез қарым-қатынас жасаған тәрбиеші түскен видео пайда болған еді.


Кейін осы іске байланысты Түркістан облыстық полиция өкілдері мәлімдеме жасады. Бұл дерек Төле би АПБ-да сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 140-бабы, 2-бөлігіне сәйкес тіркелді.






Көрілген: 6946    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 22:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30