Егде жастағы кісінің бетіне торт жапсырған жігіт жұрттың ашу-ызасын тудырды (ВИДЕО)
Үлкен әженің бетіне торт жапсырған жігіт елдің ызасына тиді.
 
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
 
Инстаграм әлеуметтік желісін шулатқан бұл видео көпшіліктің ашуын туғызды.
 
Жас жігіт егде жастағы әженің бетіне торт жапсырып, мәз болады. "Ойын білмеген бала, анасының артын түртіп ойнапты" - дегендей бұл жігіттің іс-әрекеті қызу талқыға түсті. Бірі ол өзінің анасы десе, бірі әжесі, бірі туысы деп пікір қалдырған. "Кім болса да үлкен жастағы әйелді олай мазақ етуге жас баланың хақысы жоқ еді"- деген жазбалар оқша борады.
 
Желідегі оқырмандар:
 
"Қатырдым деп отыр ғой. Сана берсін", "Өзін осы жарық дүниеге әкелген адамға деген құрметі ғой. Слишком низко! Өзінің құрдасы болса екен бір! Нанның да, анасының да обалына қалды-ау", "Мәз болып тұрған кісіні не істеді ал?!", "Әжеге обал. Сосын қатты ұрды ғой, масқара-ай!" - деп жазып жатыр.