Мәселе

Екі айда 36 миллион теңге: Қаржы министрлігінің қызметкері жүргізушісі бар автокөлік жолдауға қомақты қаражат жұмсаған

  • Екі айда 36 миллион теңге: Қаржы министрлігінің қызметкері жүргізушісі бар автокөлік жолдауға қомақты қаражат жұмсаған

    Екі айда 36 миллион теңге: Қаржы министрлігінің қызметкері жүргізушісі бар автокөлік жолдауға қомақты қаражат жұмсаған

Қаржы министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Айдын Ашуев жүргізуші қызметін қоса алғанда, автокөлік жалдауға шамамен 36 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Мемлекеттік сатып алу сайтында тапсырыс берушінің өкілі ретінде Айдын Ашуев көрсетілген. 

 
Арна тілшілері аталған жағдайды зерттеп, материал дайындаған еді. Алайда қаржы министрлігі көрсетілген деректердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 35,7 млн.теңге көлемінде көрсетілген сома үнемделіп, 20 млн. теңгеге дейін қысқартылды. Бұл ретте қаражат сюжетте келтірілгендей, бір автокөлік үшін емес, 13 автомобильге жоспарланған.

Жауапты хатшыға келетін болсақ, ол министрліктің барлық сатып алынатын тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша конкурстық комиссияның төрағасы болды. Сондықтан мемлекеттік сатып алу порталында да Айдын Ашуевтің қолы көрсетілген.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы кезеңінде қатаң шектеулердің енгізілуіне, оның ішінде қоғамдық көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты министрлік мемлекеттік органның үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге қатысқан қызметкерлерді жеткізу мен тасымалдауды ұйымдастырды. Осы мақсаттарға бюджет қаражаты басқа іс-шаралардан, оның ішінде автокөлік жалдау қызметтерінен қайта бөлінді.

Осыған байланысты, қаржы жылының соңына дейін автокөлікті ұстауды қамтамасыз етуге қаражат жетпейтіні белгілі болды, сондықтан сатып алу туралы ақпарат жарияланды. Осылайша, көрсетілген 20 млн теңгеге 13 автомашина көлемінде қызмет көрсетілді, бұл шартта техникалық ерекшелікте де қарастырылған. Яғни, орта есеппен бір автокөлікке екі айда 1,5 млн теңгеден (сағатына 4930 теңге) аспады, бұл журналистің материалында көрсетілген нарықтық бағадан үш есе төмен.




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 19:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30