Мәселе

«Екі күн бойы вокзалда жүрміз». Алматыдағы университет жатақханасында орын жетпей жатыр

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Жатақханада орын жетпейді. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университіне оқуға түскен бірінші крус студенттерінің ата-аналары осылай шу көтерді.


Базынасын арқалағандардың дені еліміздің әр түпкірінен келген. Олардың айтуынша, балалары грантқа түскенде университет тарапы жатақханамен қамтамасыз етеміз деп сендіріпті. Алайда, жеме-жемге келгенде орын таппай, далада қаңғырып қалмақ жайымыз бар дейді ашулы ата-аналар.


- Ана жаққа барыңызшы, ата-аналар түгел шулап жатыр. Біз, міне, сөмкелерімізбен алыстан келдік. Бізді жібермей жатыр.


Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу универсиетінің маңайы күнде жиын, күнде дүрбелең. Грантқа түскен баласын жетектеп, жатақханадан орын таппаған ата-аналар кезекке алдын-ала онлайн тіркелгенін айтады. Алыстан артынып-тартынып жеткен бойда құжаттарын түгендеп, жатақхананың ақысын төлеп үлгеріпті. Бірақ, жеме-жемге келгенде балаларымыз далада қаңғырып қалмақ дейді ашулы топ.


Қарашаш Башкенова:


- Біз алыстан келдік, Павлодар облысынан. Грант бойынша. Екі күн бойы вокзалда жүрміз. Баланы апаратын жер жоқ. Көпбалалы отбасымыз.


- Сіздерге басында жатақхана болады деп айтты ма?


- Айтты. Бірінші круста түгел болады деді. Енді отырмыз, жатақхана жоқ. Қонамыз мында.


Ақмарал Есбергенова:


- Жатақханаға төледік. Медкомисиядан өттік. Бүгін орын жоқ деді. - Қашан болады деді? - Орын жоқ. Болмайды. Негізі, алыстан келген біздерге жатақхана болады деген.


Оның үстіне бірінші курс, грантпен түскен. Жатақхана мен оқу ғимаратының арасында сеңдей соқтығысқан ата-аналар кірген-шыққан кісінің қабағына қарап, күнұзаққа қабырғадағы тізімге телміреді. Алайда еш нәтиже көрмедік деген олар білім ордасының басшылығы жатақхана мәселесін реттемек түгілі толық ақпарат бермейді деп қынжылады.


Роза Қойбағарова:


- Мен Маңғыстау облысынан келіп тұрмын. Қызым «Алтын белгімен» бітірді. Өзім көпбалалы анамын. Осы жерде мынау студент балалар бізге ақпарат беріп тұрған. Қызыммен бірге медкомиссияға барып келе жатырмы. Ол жерде де студент балалар. Барлық жерде қабылдау мемлекеттік стандартпен жүргізілуі керек қой. Неге өзінің мамандары отырмайды?


Ал оқу ордасының өкілдері ата-аналардың жанайқайын жоққа шығарады. Олардың пікірінше, биыл университетке 2360 талапкер оқуға түссе, оның жартысына жуығы жатақханада тұруға өтініш беріпті. Барлығын қамтамасыз етуге шамамыз жетеді деген басшылық, ата-аналар асығыстық танытып отыр деп кінәлайды.


Ринат Ысқақов, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры:


- Кейбір ата-аналар осы күндерін жатақханада, баласымен бірге өткізгі келеді. Ол ешқашан мүмкін емес. Бізге электронды түрде 1037 өтініш түсті. Ал жатақханамызда 1155 адамға орын бар. Толықтай жетеді. Бірақ оларды тамыздың 21-нен бастап ғана орналастыра аламыз. Оған дейін еш көмек бере алмаймыз.


Алайда бірнеше күннен бері оқу ордасының табалдырығын тоздырған ата-налардың қабылдау бөлімінің алдынан кеткісі жоқ. Бәрінің көкейінде сенімнен гөрі күдік басым. Әсіресе, бүгін-ертең кері қайтуға билет алып қойғандары әлі оң-солын танымаған баласын кімге табыстап кетерін білмейді.


ktk.kz


 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 09:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30