Мәселе

Екібастұз ГРЭС-1-дегі апатты жағдайға байланысты өнеркәсіп тұтынушыларына жарық беру шектеледі

  • https://ru.wikipedia.org/

    https://ru.wikipedia.org/

Екібастұз ГРЭС-1-дегі екі блоктың апатты жағдайда өшірілуіне байланысты өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беруді шектеледі, деп хабарлайды KEGOC компаниясына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

 

Электр желілерін басқару компаниясының мәліметінше, 19 қарашада Екібастұз ГРЭС-1 стансасында қуаты 500 МВт №5 блок апатты жағдайда өшкен, ал 20 қарашада осы станцияда қуаты 500 МВт №8 блоктың жұмысы да апатты жөндеу жүргізу үшін тоқтатылған.

 

Компания екі блоктың істен шығуына байланысты 20 қарашада Қазақстанның Бірыңғай электр энергетика жүйесінде электр қуатын өндіру көлемі 1000 МВт-қа дейін азайып кеткенін, бұл Бірыңғай электр энергетика жүйесіндегі қуат дефицитін 1500 МВт-дан астам деңгейге ұлғайтқанын хабарлады.

 

«Қазіргі жағдай Ресей энергия жүйелерінің шекарасынде қуаттың шекті деңгейінен төмендеуіне, мемлекетаралық электр беру желілеріне түсетін жүктеменің артып қайталана беретін апат қатерінің пайда болуына соқтыруы мүмкін. Қазақстанның Бірыңғай электр энергетика жүйесінде генерация төмендеуі салдарын барынша азайту және ұдайы қайталанатын апаттарды болдырмау үшін «KEGOC» АҚ ҚР Энергетика министрлігінің келісімімен, өңірлік электржелісі компанияларымен бірлесе отырып өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беруді шектейді. Шектеуге жатқызылған тұтынушылар тізімі жергілікті атқарушы органдармен келісілген» делінген хабарламада.

 

 

 




Көрілген: 2310    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 00:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31