Екібастұзда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция майоры қызметінен босатылды

03 тамыз 2021, 13:19

Екібастұз қаласында қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция майоры қызметінен босатылды. Сондай-ақ бірқатар полиция басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

 

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қосымша сот сараптамалары тағайындалды. Полиция қызметкері Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, бірқатар басшылар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Павлодар облысты ПД баспасөз қызметі.

 

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусымда павлодарлық құқыққорғаушы Елена Семенова Facebook желісінде 22 жастағы қыз баланы зорлаған полиция майоры жөнінде жазған еді.

 

Елена ханымның айтуынша, қыз қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Қыздың үйінде тінту жұмыстары жүргізілген соң, оны түн ішінде жалдамалы пәтерге жеткізіп, полиция қызметкері зорлаған және бопсалаған. Кейіннен бойжеткен жалдамалы пәтерде зорланғаны жөнінде арыз жазды.

 

Аталған факті бойынша өңірдің Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 362-баптары (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.