Мәселе

"Екеуі некелеспекші болған": Грузияда көз жұмған қыздың өліміне күдіктінің адвокаты даулы мәлімдеме жасады

  • "Екеуі некелеспекші болған": Грузияда көз жұмған қыздың өліміне күдіктінің адвокаты даулы мәлімдеме жасады

Грузияда қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне кінәлі күдіктінің адвокаты Тордуа Лаша Шукакидзе даулы мәлімдеме жасады. Сөзінше, айыпталушы Бесик Тордуа мен көз жұмған бойжеткен некелеспекші болған. Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

"Айтылып отырған айыптаулардың барлығы да негізсіз. Менің қорғауымдағы азамат пен марқұмның арасындағы қарым-қатынас жақсы болған. Тіпті, ол бойжеткенге үйленейін деген. Мұны дәлелдейтін айғақтар бар. Айыптаушы тарап тек жазбадағы әңгімеге арқа сүйеп отыр. Алайда түпнұсқаны тыңдайтын болсақ, онда Тордуаның байсалды түрде сөйлегені естіледі. Оның дауысынан ешқандай дөрекілік байқалмайды", - деді адвокат. 
Бұған қоса, адвокат күдікті мен марқұмның арасында жанжалдың болмағанын куәгерлер де растап отырғанын жеткізді. Сөзінше, Айтпаева өз еркімен Тордуаның үйіне 30 сәуірде көшіп келген. 
"Өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін": Грузияда көз жұмған бойжеткеннің анасы қызының мәйітін көруге келді "Ол өзінің қалауымен айыпталушының үйіне көшіп келген. Әпкесінің күйеуі Мурад қызды екі күн бойы зорлаған. Бұл туралы Әсел 30 сәуірде Тордуамен дүкен аралап жүргенде айтқан. Мұны естіген Тордуа Руставиде қалуға уәде берген. Сол уақытта Әсел ешқайда кеткісі келмейтінін, Мурадтан қорқатынын мәлімдеген", - деп қосты адвокат. 

Қорғаушының айтуынша, Тордуа Әсел Айтпаеваға көмектескісі келген. Тіпті, оған үй тауып бермекші болған. Алайда бойжеткен Тордуамен қалуды жөн көрген. Ер азамат бірден полицияға хабар бергісі келіпті, алайда қазақстандық қыз бөлімшеге барудан бас тартыпты. Кейіннен Тордуа Мурадты соққыға жығып, артынша Қазақстанға билет алып салып жіберген. 

Адвокат Әселдің қолы кесілгенін алға тартады. Сөзінше, ол психологиялық тұрғыда қатты күйзеліске ұшырағандықтан, суицидке барған. Бұған қоса, заңгер айыптаулармен келіспейтінін жеткізді. 

Айта кетейік, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  




Көрілген: 1369    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 01:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30