Мәселе

Екпе алмаған адамда вакцина құжаты қайдан жүр

  • Екпе алмаған адамда вакцина құжаты қайдан жүр

    Екпе алмаған адамда вакцина құжаты қайдан жүр

Вакцина құжатын рәсімдеуде олқылық көп. Жақында елорда тұрғынына екпе алғаны туралы хабарлама келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда ол мүлде вакцина салдырмаған болып болып шықты. Енді ол жалған құжаттан қалай құтыларын білмейді. Бұған кім жауапты?

Гүлсара Хасанова денсаулығы сыр беріп, қазір ем-дом алып жүр. Сондықтан коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алмаған. Арнайы құжатпен қала ішінде жүріп тұрады. Бірақ тосыннан вакцина салдырғаны жайлы хабарлама келеді. Гүлсара e-gov-тан мәліметтерін іздейді.

Гүлсара Хасанова, қала тұрғыны: – 12 қазан күні хабарлама келді. Онда вакцина құжаты дайын екені жазылған. Бірақ мен екпе алған емеспін. Денсаулығыма байланысты кейінге шегердік. Вакцина алмаған адамға қалайша егілді деп құжат шығаруға болады? Кейін осы үшін үстімнен іс қозғалмасына кім кепіл?

Мәселені айтып барлық тиісті органдарға хабарластым дейді Гүлсара. Бірақ нәтиже жоқ. Уәкілетті мекемелер бір-біріне сілтеп, ешкім нақты жауап берер емес деп отыр. Гүлсара елордада жүрсе де, вакцинаны басқа алыс ауылдан алғаны көрсетілген. Бұл жайтты нақтылау үшін сол мекеменің дәрігеріне хабарластық.

Мөлдір Санақова, дәрігер: – ЖСН нөмірден бір сан қате кеткен. Қазір мен облысқа құжаттар жолдап отырмын. Келесі аптада бұл мәселе шешімін табу керек.

Дәрігер ЖСН нөмірді қате толтырған. Сондықтан екпе алмаған тұрғында вакцина құжаты пайда болған. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, ең алдымен жергілікті емханаға өтініш қалдырып, жауап күтесіз.

Гүлзия Нақыпқызы




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 23:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31