Мәселе

«Екпе салдырмасаң, керек құжатыңды бермейміз» – еріксіз вакцина алғандар шағымданды

  • «Екпе салдырмасаң, керек құжатыңды бермейміз» – еріксіз вакцина алғандар шағымданды

    «Екпе салдырмасаң, керек құжатыңды бермейміз» – еріксіз вакцина алғандар шағымданды

Екпе алғандар санының күрт көбеюі де күмән тудырады.

Себебі «вакцинаны күштеп салдырып жатыр» деп AstanaTV-ға хабарласқан көрермен көп.
Телеарнаның хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің «вакцина салдыру ерікті» деген сөзі құжат күйінде ме?

Түркістан облысында дәрігерлер тұрғындарға «екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз» деп талап қойған.

Түркістан облысының тұрғыны Лаура: «Қызым екі күндей тұмау болып, ауырып жатып қалған үйде, сабақтан қалды. Сосын апайы анықтама әкел деген соң әкесі ауруханаға барды. Анықтама сұраған, мектеп сұратып жатыр қызымның сабақтан қалғанына деп. Сен вакцина алмасаң саған анықтама бермейміз деген. Негізі салдырғысы келмеген еді», – дейді.
Ал министрліктегілер «екпе тек ерікті түрде салынады» деуден жаңылған жоқ. Мұндай факт анықталса, емхана қызметкеріне тиісті жаза қолданамыз дейді.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният: «Оны асыра сілтеу деп есептейміз. Министрліктен мұндай нұсқау болған жоқ. Сондықтан ондай жағдайлар болса, мекеме жөнінде нақты факті беруді сұраймыз», – деді.

Бұған дейін Үкімет отырысында вакцина салдырғандардың нақты есебін айта алмаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Адамдардың басын қатырмайық» деп вакцина алғандарды санауды үйреткенін жазған болатынбыз.

aikyn.kz




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 10:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30