Мәселе

Екпе салдырмай-ақ вакцинация паспортын сатып алатындар неге көбейді?

  • Екпе салдырмай-ақ вакцинация паспортын сатып алатындар неге көбейді?

    Екпе салдырмай-ақ вакцинация паспортын сатып алатындар неге көбейді?

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, қаланың емхана қызметкерлері құжатты 15 мың теңгеге сатып келген. Бұл туралы КТК  арнасы хабарлады.
Нұр-Сұлтанда да сауда-ойын сауық орталығындағы вакцинация пунктінде жұмыс істеп жүрген ақ халаттылар тұрғындарға екпе салмай-ақ, паспорт жасап беруді ұсыныпты.

Алматыдағы №4 емханада вакцинация паспорты саудаланып жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Дәрігерлер келушілерге екпе салмаса да, төлқұжат жасап бергенін мойындайды. Бірі жалған құжатты 15 адамға дайындап беріп, әрқасысынан 15 мың теңгеден алған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасына да тұрғындардан шағым түсіпті.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мақпал Сералинова: «Бұр әрекетке барған медициналық қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шықты. Қазір іс бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу қорытындысына сәйкес, күдіктілер тиісті жазаға тартылады», – деді.
Вакциналау паспортын табыс көзіне айналдырғандар Нұр-Сұлтанда да бар. Мұндағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде екпе салып жүрген дәрігерлер осындай күдікке ілінді. Олар келген адамдарды вакцина алу туралы райынан айнытқан. Есесіне, 5 мың теңгеге заңсыз паспорт жасап беруді ұсыныпты.

Медицина ғылымдарының докторы Ботагөз Кәукенова: «Бізге заңсыз паспорт жасап беруді ұсынатын дәрігерлер туралы шағымданатындар көп. Сондай тұрғындардың бірі Asia park сауда-ойын сауық кешеніне вакцина алуға барған. Мамандар оны базаға екпе алған деп енгізуді, ал іс жүзінде вакцинаны салдырмауды ұсынған. Қарағанды мен Шымкенттен де осындай шағым келіп түсті. Мұндай мәселенің туындауына кей мекемелердің қызметкерлерін екпе алуға міндеттеуі себеп деп ойлаймын», – дейді.
Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы тексеріс жүргізгенімен, «вакциналау паспортын сату дерегі анықталған жоқ» деп, істі жылы жапты.  Бұған дейін Алматыдағы №21 емханада да осындай шу шыққан болатын. Бұл дерекке қатысты полицейлер әлі тергеу жүргізіп жатыр.

Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Сезікті ретінде екі азамат, екі медициналық мекеменің қызметкері анықталды. Қазір олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Содан соң заңнама аясында шешім қабылданады», – деді.
Жалған құжат дайындап, сатқандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Заңсыз құжатты қолданғандар жауапқа тартылады.

aikyn.kz




Көрілген: 1080    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 08:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30