Мәселе

Екпеден кейін көз жұмған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Бір апта бұрын елордадағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында Раушан Сауытова есімді азаматша қайтыс болған еді.

 

«Марқұмның өліміне осы орталық қызметкерлері кінәлі», - дейді туған-туыстары.

 

Институт мамандары өз жұмыстарына немқұрайлы қараған көрінеді. Қойылған белгісіз екпеден кейін Раушан анафилактикалық шок алып, комаға түскен.

 

Туыстары медициналық білімі бар қыздың көтере алмайтын препаратты қабылдауға келісім бергеніне сенбейді.

 

Оның үстіне өлім туралы куәлікте азаматшаның нақты неден көз жұмғаны көрсетілмеген.

 

Раушанның анасы мен жеңгесі медицина саласында еңбек етіп жүрген мамандар. Олар:

 

«Институт қызметкерлері қызымызды аллергияға тексерген жоқ. Әрі оған қателесіп басқа екпе салып жіберді», - деген пікір айтады.

 

Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

 

Көгершін Сауытова, марқұмның анасы:

 

- Сағат 8-де сөйлесіп жатқан жерінен біреу шақырып алады, уколға деп. Сол уколға кеткеннен сегіз жарымға дейін звондап ала алмадық. Сол кезде менің қызым процедурныйдан шығып бара жатып, дәлізде құлайды екен. Медбике сол уақытта қайда болды? Сөздері әртүрлі, бірі «укол істедік» дейді, біреуі «проба істедік» дейді. Ал қызым: «Мама маған тринтал деген капельница істеді. Және цефтриакцион қойды. Менің кішкене денем ауырып тұр», - деді. Өзім ойлаймын, медбикелер басқа укол қойып қойды.

 

Арна тілшілері травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына хабарласқан еді. Алайда ведомство мамандары: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңнамаға сәйкес ешқандай мәліметті жариялауға болмайды, бұл әрі дәрігерлік құпия», деді.


24.kz




Көрілген: 1500    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 19:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28