Мәселе

Экс-министр Сағадиевтің елден шығуына тыйым салынғаны рас па?

  • Экс-министр Сағадиевтің елден шығуына тыйым салынғаны рас па?

    Экс-министр Сағадиевтің елден шығуына тыйым салынғаны рас па?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері Сағадиевтің шекара асуына тыйым салған.

Бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке қатысты күтпеген жаңалық пайда болды. Жұрт айтып жүргендей, экс-министр ешқайда қашып кетпеген. Қазақстанда екен. Бірақ оның шетел асуына мүлдем тыйым салынғанға ұқсайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Жуықта елордалық адвокат Әкім Адай өзі мүддесін қорғайтын экс-министр Ерлан Сағадиевтің АҚШ-қа кете алмай жүргенін фейсбуктегі парақшасында жариялады. Бұл туралы «Время» газеті «Американская мечта» деген тақырыппен мақала шығарған болатын. Қызметін асыра пайдаланды деген білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларын тексеріп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері оған шекара асыға тыйым салыпты. Құқық қорғау органдары бұл істе Сағадиевтен куәгер ретінде жауап алып жүрген көрінеді», - деп жазыллған Араша сайтындағы «Ерлан Сағадиевті қазақстаннан шығармай отыр» деген тақырыппен берілген материалда. 

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, осыдан кейін Әкім Адай экс-министрге қойылған шектеуді алу үшін тергеу сотына жүгінген. Адвокат «Сағадиевке шұғыл түрде АҚШ-тағы оқуын жалғастыру қажет» деген себепті алға тарқан. Судья Талғат Ақшабаев қорғаушының талабын қанағаттандырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке құжатты шекара қызметіне жөнелтуді міндеттеген.

Бұдан әрі қарай аталмыш сайт Ерлан Кенжеғалиұлы елден кету үшін неге шу шығарып, әлеуметтік желілерге жар салды деген мәселеге тоқталған. 

«Жасы 54-ке келген бұрынғы шенеунік неге білімге құштар болып қалған? Шетелге кетуге неге соншалықты асықты? Желі пайдаланушылары мен қоғам белсенділері осы сауалдарды қызу талқылап жатыр.

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің цифрландыруға бөлінген қыруар қаражаттың жоғалуына байланысты істі тексеріп жатқаны белгілі. Бұрынғы білім және ғылым вице-министріне 5 миллиард теңге ұрлады деген күдік тағылған. Бұл тұста қазынаның қомақты қаржысы игерілгенде Сағадиев неге бақылау жасамаған деген сұрақ туындайды. Сонымен бірге жуықта Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің экс-ректоры мен бухгалтері 1,7 миллиард теңге жымқырды деп айыпталып 8 жылға сотталды. Бұл жоғарғы оқу орны Сағадиевтердің отбасылық бизнесі.

Ерлан Кенжеғали ұлы мемлекеттік қызметке бармай тұрып университетті 2009 бен 2012 жылдардың аралығында басқарған. Бұрынғы ректор мен бухгалтер білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік грантқа бөлетін қаражатын қымқырып, қымбат үйлер, автокөліктер, фирмалар сатып алған. Ең қызығы бұл қылмыстардың барлығы Ерлан Кенжеғали ұлы ведомствоны басқарып тұрған кезде жасалған екен. Шекара асып АҚШ-қа кеткелі жүрген экс-министрдің бұрынғы істеріне қатысты секем көбейіп барады», -  делінген материалда.




Көрілген: 2961    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.10.2020, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30