Мәселе

«Экс-полицейге тимеді»: Алматы облысында жылқы атқан екудің тек біреуін ғана ұстаған

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылында екі адамның түн ішінде үйір жылқыға оқ жаудырғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың бірі бұрын полицияда жұмыс істеген деп жазады azattyq-ruhy.kz тілшісі.

 

Оқиға 19 қыркүйекте болған еді. Редакциямызға шағымданған тұрғындар араққа тойып алған екі адамның жайылып жүрген жылқыларға оқ жаудырғанын, салдарынан екі айғырдың өліп қалғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен учаскелік полицей болса тұрғындардың шағымы дәлелсіз деп, оқ атқан екеуге тимепті. Жазаланбайтынын білсе керек, араға 2-3 күн салып әлгі екеу тағы бір жылқыны майып қылған. Екі аяғы бірдей сынған малды иесі сойып алды. Ал, облыстық Полиция департаменті болса екеудің тек біреуі ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

«Аталған жағдай 22.09.2021 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылының маңында орын алған. Жайылымда жүрген бір бас жылқының жаралану дерегі бойынша ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігіне («Жануарларға қатыгездік көрсету») сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда осы қылмысты жасады деген күдікпен 39 жастағы Үмбетәлі ауылының тұрғыны анықталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Істің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген аталған хабарламада.

 

Яғни, полиция жылқыларды атып өлтіру дерегі бойынша әлі іс қозғамаған сыңайлы.

 

Айта кету керек, жергілікті тұрғындар жылқыларды атқан екі адамның бірі бұрын полиция қызметкері болғанын айтты. Қылмыстық іс оның емес, серігінің үстінен қозғалған.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1162    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 10:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31