Мәселе

Елбасының курстасы Шымкент әкімдігінде сөз сөйлеп тұрғанда көз жұмды

  • Сатыбалды Ибрагимов. Фото: www.parlam.kz

    Сатыбалды Ибрагимов. Фото: www.parlam.kz

Бүгін Шымкент қаласында Елбасының курстасы Сатыбалды Ибрагимов қала әкімдігінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде сөз алған Сатыбалды Тілемісұлы қоғамдағы маңызды мәселелер туралы ойларын ортаға салып тұрған кезінде көз жұмды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов 1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген.


Ол Парламент мәжілісінің 4-ші шақырылымының депутаты болған. Украинаның Днепродзержинск қаласындағы №8 кәсіптік-техникалық училищеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге білім алған.


Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.


Еңбек жолын Тұңғыш президентіміз Назарбаевпен бірге Теміртауда қызмет етумен бастап, отандық металлургияның өркендеуіне зор үлес қосқан.


Сатыбалды Ибрагимов Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасында болат қорытушы болып жұмыс істеп, түрлі басшылық қызметтер атқарған:


1988 – 2000 жылдары «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» фирмасының президенті, бас кеңсесі Лондон қаласындағы «Успатниттің» Теміртау қаласындағы өкілі, «Қазхром» компаниясының президенті қызметтерін атқарды. Еуроазиялық өндірістік ассоциация төралқасының мүшесі болған.


"Бүгін, қасиетті жұмада қазақтың аяулы ұлдарының бірі, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан Сатыбалды Ибрагимов ағамыз өмірден озды.

«Аяулы азамат» деген сөз жәй сөздің реті үшін ғана айтылып отырған жоқ. Ол саналы ғұмырында шын мәнінде өзінің қазақ деген ұлтының ұлы екенін дәлелдеп кетті. Тіпті Сатыбалды ағаның ең соңғы сөзінің өзі еліне арналды.


Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын Сатыбалды аға,"- деп жазды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 




Көрілген: 4538    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30