Мәселе

Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

  • Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

    Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

Қазақстандықтар енді дүкендерде темекі көрмейді. Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, сату орындарында темекі өнімдерін орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Сонымен бірге, витриналарда темекі өнімдерінің жарнамасы болмайды. Мұндай өзгерістер темекі шегушілердің санын азайту үшін енгізілуде.

 
Бір қызығы, сатылатын темекінің тізімі параққа мәтін түрінде орналастырылуы керек. Әріптер ақ параққа қара түсте жазылуы тиіс. Тізім әліпбилік тәртіппен, қандай да бір бейнелерсіз бағаны көрсете отырып жасалады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда темекінің ең төменгі құны 500 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап ол 520 теңгеге дейін көтеріледі. Және әр алты ай сайын өседі. Бұл акциздерге мөлшерлеменің өсуіне байланысты. Егер қазір ол мың дана үшін 11 100 теңгені құраса, 2024 жылға қарай ол 18 мыңға дейін өседі.

Былтырдың өзінде қазынаға темекі өнімдеріне акциздерден 220 миллиард теңге түсті. Ал биыл жыл басынан бері – 107 миллиард теңге.

Stan.kz




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 11:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31