Мәселе

Электронды темекі сапасына апта сайын жетпіс адам шағымданады

  • Электронды темекі сапасына апта сайын жетпіс адам шағымданады

    Электронды темекі сапасына апта сайын жетпіс адам шағымданады

Елімізде сатылатын кейбір электронды темекінің сапасы сын көтермейді.

«Оларды сараптайтын арнайы ереже қажет», - дейді Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская.

Айтуынша, тұтынушылар лигасының жедел желісіне аптасына 70-тен аса адам хабарласып, электронды темекіге арызданады. Тұрғындардың көбі табакты қыздыратын құрылғының сапасын сынға алады екен. Мысалы, электронды темекі құрылғысының қуаттау кезінде жарылып кеткен кезі де болыпты. Интернет дүкен арқылы Қытайдан сатып алынған бұйымның арнайы сертификаты да жоқ.

Айта кетейік, сарапшылардың мәліметінше, елімізде 400 мыңнан астам адам шылымнан бас тартып, электронды темекіге ауысқан.

Светлана Романовская, Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті: - Бізде қазір міндетті сертификат жоқ. Электронді темекіге арналған міндетті сертификаттың болуын талап етеміз. Себебі ол да қоршаған ортаға, адамның денсауылығына зиянды зат. Қауіпсіздік тек техникалық ережеге тікелей байланысты. Ол ереже жасалған. Кәсіпкерлер мен тұтынушылармен келісілген. Тек қабылдаса жеткілікті.

24.kz




Көрілген: 1928    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 09:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30