«Қазгидромет» РМК 23 қазанда еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Синоптиктер мәліметінше, бүгін Қазақстанның барлық қалаларында метеодағдай қалыпты болады.
 
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
 
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.