Мәселе

Елімізді әйел басқаратындай не күн туды?! - Жүрсін Ерман

  • © KYN.kz

    © KYN.kz

Танымал ақын Жүрсін Ерман алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Жүрсін Ерман Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезіне қонақ ретінде шақырылған екен. Ақын алдағы мерзімінен бұрынғы президент сайлауын ел өміріндегі үлкен саяси оқиға деп атады.


Ерман билік басына кім келсе де, қазір елімізде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, көп балалы отбасылар мен жоқ-жітіктерге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік саясат әрі қарай жалғасса екен деп тілейді.


"Жастар да, саясаткерлер де бар. Солардың біреуі таңдалатын шығар. Бүгін жасалмаса, ертең жасалады", - деген пікірін білдірді ақын.


Сонымен қатар, белгілі ақын Қазақстанды әйел адам басқаруы мүмкін бе деген сауалға да жауап берді.


"Әйел адам басқаратындай не күн туып қалды бізге?! Қазақтың дәстүрінде ондай ешқашан болмаған. Сондықтан ол әңгіме ертерек қой деп ойлаймын. Қанша демократиялық ел болғанмен, қазақы болмысты елміз ғой", - дейді ол.


Жүрсін Ерман қазақта ел басқаратын азаматтар көп екенін атап өтті.


 


 




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31