Мәселе

Елімізде 350 мыңдай адам құмар ойынға салынған

  • Елімізде 350 мыңдай адам құмар ойынға салынған

    Елімізде 350 мыңдай адам құмар ойынға салынған

Елімізде құмар ойынның шырмауына 350 мыңдай адам ілігіп отыр.

Жеңіл табысқа құныққандар ұтылған ақшасын қайтарамын деп, соңғы 4 жылда 200-ден аса қылмыс жасаған екен. Оның ішінде қарақшылық шабуыл мен тонау бар. Ойынқұмарлықпен күресу үшін қазір Мәжіліс депутаттарының қарауында «Ойын бизнесі туралы» заң жобасы жатыр. Бұл құжат қандай өзгеріс әкелуі мүмкін?


Депутаттардың қарауына түскен заң жобасында казино мен ойын залдарына арналған жаңа үш аймақ құру көзделген еді, деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.


Мәдениет министрлігінің ұсынысы – бұл. Бірақ мәжілісмендер үшін бұл тым артық болса керек. Бурабай мен Қапшағайдағы «Лас-Вегастар» ойыншыларға жетер деген тоқтамға келді.


Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


– Жаңа казино аймақтарын ашу бұл туристік бизнесті дамытуды көздемейді. Бір ғана сандарды сөйлетейін. Кезінде Қапшағайда 20 шақты казино жұмыс істейтін. Қазір олардың саны төрттен аспайды. Егер бұл ойын залдарында ойнауға Қапшағайдың өзіне адамдар келмесе, басқа жерде, мәселен, Маңғыстау облысында сұраныс болады, деп кім айтты. Сосын лото-клубтар мен лото-автоматтар жастар арасындағы игромания проблемасын шешпейді. Сондықтан біз жаңа заң жобасында лоторея бизнесінде қолданылатын автоматтарды казино аймақтарына шығаруды қарастырып отырмыз.


Депутаттар казино аймақтарына букмекерлік кеңселерді де шығаруды меңзейді. Айтуынша, олар да жеңіл ақшаға құныққандарды ойынқұмарлыққа үйір қылып отыр.


Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


– Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа заң жобасына қарсылық көрсететін мақалалар көп жазылып жатыр. Меніңше, мұның артында әлдебіреулер тұрған секілді. Мысалы, бұл тотализаторлық кеңселердің иелері болу мүмкін. Бірақ бұл құжат ставкаларды тіркеу орталығын құрып, букмекерлерді казино аймақтарына шығаруды көздейтінін түсіну керек.


Заң жобасы әлі қызу талқыланатыны белгілі. Осы орайда қазақстандық ойыншының орташа қарызы 10 млн теңге шамасында екенін айта кету керек. Құмарпаздыққа тәуелді азаматтар ұтылған ақшасын қайтару үшін амалсыздан заңсыз айла іздейтінін де білген жөн. 




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30