Мәселе

Елімізде 5 айда жұмыссыздардың саны өскен

  • Елімізде 5 айда жұмыссыздардың саны өскен

    Елімізде 5 айда жұмыссыздардың саны өскен

2021 жылғы 5 айда елімізде жұмыссыздар саны 38%-ға өскен. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жазылды.

5 айда Қазақстан ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен. Одаққа мүше мемлекеттердегі жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер санының жалпы көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға төмендеген. Ал елімізде олардың саны керісінше 38%-ға өскен.

Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, 2021 жылғы мамырдың соңында ЕАЭО-ға мүше елдер арасында тек 2 мемлекетте жұмыссыздар саны азайған.

Ресейде жұмыспен қамту орталықтары арқылы белсенді жұмыс іздейтіндер саны 1,3 миллионнан асқан. Бұл өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 37%-ға аз. ЕАЭО-дағы халқы ең көп  Ресей Федерациясы жұмыссыздықтың жалпы одақтағы көрсеткішіне айтарлықтай оң әсерін тигізген.

Беларусьте ресми түрде жұмыссыздар саны аз: 8,5 мың адам (өткен жылмен салыстырғанда минус 17%).

ЕАЭО-ға мүше 3 мемлекетте жұмыссыздар саны артқан. Армения мен Қырғызстанда жұмысқа орналасқысы келетіндердің саны 2% және 3,5%-ға өскен. Ал Қазақстанда ең жоғары динамика тіркелген: 222,7 мың адам немесе плюс 38,1%.

Мұндай жағдай өткен жылдың қыркүйегінен бастап тіркеліп отыр. 

BAQ.KZ




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 08:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30