Мәселе

Елімізде Pfizer екпесін ақылы түрде салғызуға кезек басталды

  • Елімізде Pfizer екпесін ақылы түрде салғызуға кезек басталды

    Елімізде Pfizer екпесін ақылы түрде салғызуға кезек басталды

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде егу басталды. Кезекке 600-ге жуық адам жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Вакцинаның құны әлі белгісіз. 

 
Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, көрсетілген санатқа жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтарға Алматы қаласында төменде көрсетілген 3 емханада ғана жүзеге асырылады:

№5 қалалық емхана мекен-жайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141, Байланыс телефондары: 8 (727) 344-98-04 немесе 8-707-101-28-93, 8-707-931-92-63 (WhatsApp).
№7 қалалық емхана мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бұқар жырау көшесі, 14, Байланыс телефондары: 8 (727) 376-33-99 немесе 8-701 — 111-61-81 (WhatsApp).
№5 қалалық клиникалық аурухана мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220, Байланыс телефондары: 8 (727) 264-72-64 немесе 8-701 — 719-10-38 (WhatsApp).
№5 қалалық емхананың мәліметінше, қазір Pfizer екпесін 160-тан аса адам сатып алғысы келеді. Ал 500-ге жуық сатып алушы № 7 емханаға жазылып қойған.

Айта кетсек, бұған дейін Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынаты туралы айтқан болатынбыз. 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

сенбі, 04.12.2021, 20:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31