Мәселе

Елімізде әрбір бес жарым сағат сайын бір әйел зорланады

  • Елімізде әрбір бес жарым сағат сайын бір әйел зорланады

    Елімізде әрбір бес жарым сағат сайын бір әйел зорланады

 Дәл уақытында арызданса, ол арызы қабылданып, жаңа айтып кеткендей, сот-медициналық сараптама, сонымен қатар, биологиялық сараптамалар тағайындалып, өз дәлелін табуға және қылмысты сотқа жолдауға үлкен мүмкіндік береді.


Елімізде әрбір бес жарым сағат сайын бір әйел зорланады. Ал әр тәулік сайын бір бала зорлыққа ұшырайды. Осы жылдың алғашқы жарты жылдығында 800-ге жуық қыз-келіншек зорланған. Ең өкініштісі, зәбір көргендер сол күні шағым жазбай, араға уақыт өткізіп алады екен. Сол себепті де абыройларының тапталғанын дәлелдей алмай жүреді, дейді мамандар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


"Сол кезде мені көлікке шақырып алып, істегенін істеп, содан соң үйге апарып тастады".

Елімізде зорлықтың құрбаны болған қыз-келіншектер қарасы күн санап көбейіп келеді. Алайда, олардың көбі абыройының тапталғанын айтып, уақытында шағымданбайды екен. Ұялады, жұрт не дейді деген сөзден қорқады. Солардың бірі - Мөлдір. Оны 18 жасында сыныптасы күштеп зорлап тастатапты. Жүрегінде шемен болған оқиға жайлы бойжеткен тек 13 жылдан кейін ғана айтқан. Тіпті, оның өмірінде мұндай оқиға екінші рет бола жаздаған...


Мөлдір, қала тұрғыны:


"Екінші рет, менің жасым жиырма бесте болатын, ол кезде зорлық болған жоқ. Мен ол кезде келісім-шартпен әскер қатарында болғанмын. Сол бастықтарымның бірі.. Бірақ, әрекеттенді. Ол шешіндіруге, өзінің жыныс мүшесін ұстатуға неше түрлі қысымдар көрсетіп, жоқ қаламаймын, жіберіңіз деген сияқты сөздерді естіген де жоқ. Құлағына да асқан жоқ. Одан кейін мен арыз жазғанмын. Бірақ, жұмыста көрсеткен қысымнан кейін арызымды қайтарып алып, жұмыстан шығып кеттім".


Заңгерлер мұндай жағдайға тап болған қыз-келіншектерге бірден құзырлы органдарға шағымдануға кеңес береді. Өйткені, араға айлар, тіпті жылдар өткізіп жазған арыздан шығатын нәтиже шамалы дейді. Істі тергеу, дәлелдеу қиынға соғып, кінәлі жазасыз қалуы әбден мүмкін.


Абзал Бекбосынов, заңгер:


"Өзіне қатысты қылмыстың болғанын дәлелдеу қиын. Дәл уақытысында арызданса ол арызы қабылданып жаңа айтып кеткендей сот- медициналық сараптама, сонымен қатар биологиялық сараптамалар тағайындалып, өз дәлелін табуға және қылмысты сотқа жолдауға үлкен мүмкіндік береді.


Бас прокуратура келтірген деректер де жаға ұстатады. Былтыр әйелдерге қатысты - 1332, кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты 231 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл арыздардың тек 454-і ғана сотқа жіберілген. Биылғы алғашқы жартыжылдықтағы статистика да көңіл көншітпейді.


Әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларға қатысты тіркелген құқықбұзушылықтар


2018 жылы

Әйелдерге қатысты - 1332

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты 231


2019 жылдың 6 айында

Әйелдерге қатысты - 797,

Кәмелетке толмағандарға қатысты -179


Ал психологтардың айтуынша, зәбір көрген қыздар мамандарға өз еркілерімен емес, ата-аналары мен туыстарының айтуымен келеді екен.


Серіккүл Сали, психолог:


"Көп ортада біздің жастарда жыныстық сауаттылық жоқтың кесірінен осындай нәрсенің болып жатқанын байқадым. Сондықтан жыныстық сауаттылық деген арнайы білімді, жан-жақты білетін кісілердің ұйымдасып істейтін нәрсесі. Біздің жастарымыз жыныстық тұрғыда сауатсыз. Соның да нәтижелерінің бірі осы. Ұлдардың өзінің, қыздардың өзінің жыныстық сауатсыздығынан. Соның да көлеңкесі түсіп отыр".


Жалпы, мұндай тенденция тек елімізге ғана тән емес екен. Деректерге сүйенсек, әлем бойынша зорланған қыз-келіншектердің арызының 35 пайызы ғана полицияда тіркеледі екен. Себебі, зәбір көргендер түрлі себептермен болған жағдайды жасыратын көрінеді. Яғни, олардың нақты санын есептеу өте қиын. Сондықтан, Қазақстанда да тағдыры талқан болып, іштей өксіп жүрген қанша қыз-келіншектің барын дөп басып айту қиын дейді мамандар.


Caravan.kz




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.11.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31