Мәселе

Елімізде бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгеріп, кейбірі уақытша тоқтатылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың жалғасуына және енгізілген карантинге, сондай-ақ жолаушы пойыздарындағы жолаушылар ағыны мен толу деңгейінің төмендеуіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы пойыз қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізді. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

 

Мына жолаушы пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтайды:

 

- 9 тамыздан бастап Нұр-Сұлтаннан және 10 тамыздан бастап Достықтан жөнелтілетін №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» пойызы;

 

- 12 тамыздан бастап Алматыдан және 13 тамыздан бастап Шымкенттен жөнелтілетін №25/26 «Алматы-2 – Шымкент» пойызы;

 

- 11 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан және 12 тамыздан Алматыдан жөнелтілетін №4/3 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы.

 

Бұл ретте аталмыш пойыз рейстері келесі күндер бойынша тоқтатылады:

 

Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 4, 6, 8 және 10 тамыз күндері, Алматы-2 ден 5, 7, 9 және 11 тамыз күндері.

 

Мына жолаушы пойыздарының жүру жиілігі уақытша қысқартылады:

 

1) №1/2 «Алматы-2 – Шымкент» бағытындағы пойыз аптасына 3 реттен 1 ретке дейін, жөнелтілуі Алматыдан 12 тамыздан бастап (сәрсенбі күндері сақталады), Шымкенттен 13 тамыздан бастап (бейсенбі күндері сақталады);

 

2) №10/9 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1» бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден күнара, жөнелтілуі Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 10 тамыздан бастап (жұп күндері сақталады), Алматыдан 11 тамыздан бастап (тақ күндері сақталады);

 

3) №11/12 «Алматы-2 – Шымкент» бағытындағы пойыз аптасына 4 реттен 2 ретке дейін, жөнелтілуі Алматыдан 14 тамыздан бастап (жұма және жексенбі күндері сақталады), Шымкенттен 15 тамыздан бастап (сенбі және дүйсенбі күндері сақталады).

 

Бұл ретте аталмыш пойыздың 13 тамызда Алматыдан жөнелтілуі тоқтатылды;

 

4) № 603/604 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық» бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден 4 күнде 1 рет, жөнелтілуі 11 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан (тақ күндері сақталады), Арқалықтан 12 тамыздан бастап (жұп күндері сақталады);

 

5) № 67/68 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Өскемен-1» бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден 4 күнде 1 рет, жөнелтілуі Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 12 тамыздан бастап, Өскеменнен 13 тамыздан бастап. Бұл ретте аталмыш пойыз 3, 5, 7, 9, және 11 тамыз күндері Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі тоқтатылады;

 

6) № 31/32 «Алматы-2 – Павлодар» бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден бір күн сайын, жөнелтілуі 4 тамыздан бастап Алматыдан (жұп күндер бойынша сақталады), 5 тамыздан бастап Павлодардан (тақ күндер бойынша сақталады). Бұл ретте аталмыш пойыз Алматыдан 3 тамызда жөнелтілуі тоқтатылады.

 

Аталған пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжатын қайтарып, билет құнын толық көлемде ала алады немесе басқа пойыздарға билет сатып алуына болады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.

 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

сенбі, 01.08.2020, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31