Мәселе

Елімізде жол ережесін қасақана бұзушылар "идиотизмге" тест тапсыруы мүмкін

  • https://ptzgovorit.ru/

    https://ptzgovorit.ru/

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жүргізушілерді дайындықтан өткізу туралы депутаттық сауалға жауап берді. Ол емтиханды қайта тапсыру үшін қосымша талаптар енгізу мәселесі ерекше назар аударуды қажет ететінін алға тартқан.

 

Депутаттық сауалға Тұрғымбаевтың жауабы Мәжілістің ресми сайтында пайда болды.

 

Жүргізушілерді дайындау және олардың көлік құралдарын басқару құқығын алудағы проблемалық мәселелерге қатысты сауалды депутат Дархан Мыңбайдың ІІМ басшысына жолдаған екен. Бұл сауалға жауап берген Тұрғымбаев емтихан сұрақтарының қолданыстағы тізбесін 2015 жылы жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктер дайындағанын алға тартты.

 

"Бұл сұрақтар тізбесі үміткерлерге жол жағдайын, оның ішінде жол жүрісінің өзге де қатысушыларының мінезқұлқымен байланысты жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін нақты ахуалдық міндеттерді қамтиды.

Кандидаттардың логикасы мен реакция уақытын бағалау қажеттілігіне келетін болсақ &ndash теориялық емтихан тапсыру кезінде үміткерлер тест сұрақтарына жауап береді... Өз кезегінде, кандидаттардың реакция уақыты автоматтандырылған автодромда практикалық емтихан тапсыру кезінде жаттығулар жасаған кезде бағаланады", - дейді ол жауабында.

 

Одан бөлек, ІІМ басшысы жол ережесін бұзушыларды "идиотизмге арналған тест" тапсыруға міндеттеу мәселесін көтерген.

 

 "Мысалы, Германияда жүргізуші куәлігін алу үшін жарты жылға дейін теориялық оқудан өту қажет, ал егер практикалық емтихан тапсыру кезінде үміткер қате жіберсе, онда қайта тапсыру қосымша 10 сағат теориялық сабақ өткізгеннен кейін ғана мүмкін болады. Егер үміткер теориялық емтиханды қатарынан үш реттен артық тапсыра алмаса, оны міндетті түрде медициналық-психологиялық тексеруге жіберіледі (қарапайым тілмен айтқанда "идиотизмге арналған тест" - бағасы 800 еуроға дейін).

Дәл осындай тексеруден жол қағидаларын қасақана бұзушы &ndash жүргізушілер, сондай-ақ басқару құқығынан айырылған адамдар өтеді. Қазіргі уақытта Германиядағы апаттылық деңгейі әлемдегі ең төмен деңгейдің бірі - 100 мың тұрғынға ЖКО-да қаза тапқан төрт адам келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш үш есе жоғары (2019 жылы - 13 адам қаза тапты). Осыған байланысты көрсетілген мәселелер ІІМ-нің құқық шығармашылық қызметінің барысында қарастырылатын болады", - делінген министрдің жауабында.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1963    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 13:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28