Мәселе

Елімізде жыл басынан 34 бала суға кетті

  • https://kstnews.kz/

    https://kstnews.kz/

Елімізде жыл басынан бері 34 бала суға тұншығып мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қабылданған іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері балаларды қараусыз қалдыру кесірінен, белгіленбеген жерде суға түсудің салдарынан 34 бала қаза тапты. Жалпы, жыл баснан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары 48адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

 

Комитет басшысының дерегінше, елімізде суға түсуге арналған 469 орын бар. Оның 118-і коммуналдық және 275-сі жекеменшік жағажай саналады.

 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су қойнауларында орын алатын төтенше оқиғалар тәуекелін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды қолға алып, дер уақытында жүргізіп жатыр.

 

Мәселен, 31 наурызда Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен барлық деңгейдегі әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың міндеті айқындалған. Шомылу маусымын өткізуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайындық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілген.

 

«Өңірлерде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері барлық деңгейдегі төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырысында қаралды», - деді Бауыржан Сыздықов.

 

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 17:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31