Мәселе

Елімізде жыл басынан бері 200-ге жуық бала жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан

  • https://tomsk.aif.ru/

    https://tomsk.aif.ru/

Жол-көлік оқиғаларының 96%-ы көлік жүргізушісінің кінәсінен болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранова айтты.


«Жол-көлік оқиғаларының 96%-ы көлік жүргізушісінің кінәсінен болады. Дегенмен, оның ішіне жаяу жүргіншілер: балалар да, ересектер де кіреді. Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 5476 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 580 адам қаза тауып, 5000 адам әртүрлі дене жарақатын алған», - дейді Ақтоты Боранова.


Оның айтуынша, 3000-ға жуық жол оқиғасы кезінде балалар жапа шеккен.


«Жол-көлік апаты салдарынан 200-ге жуық бала қаза тауып, 3500-ге жуық бала әртүрлі дене жарақатын алған. Осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ІІМ жүйелі түрде жұмыс атқарады», - дейді ол.


Сондай-ақ, ол жол-көлік оқиғаларының алдын алу мектеп табалдырығынан басталатынын айтты.


«Полиция қызметкерлері мектептегі жасөспірімдермен жол ережелеріне қатысты ойын түрінде, жарыс түрінде әртүрлі шаралар өткізеді. Ең бастысы - ата-ана мен қоғам болып жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Бала сіздің айтқаныңызды емес, істегеніңізді істейді. Сондықтан жолаушылар жолағына жетпестен жолды кесіп өтпей, ереже сақтауды өзіңізден бастаңыз»,- дейді Ақтоты Боранова.


Еске сала кетсек, бұған дейін ДДСҰ тұрақты өкілі Олег Честнов әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам жол-көлік апатынан мерт болатыны туралы айтқанын жазған болатынбыз.


Сонымен қатар, Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаев елімізде тәуелсіздік алғалы 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапқаны туралы айтты.


 ҚазАқпарат




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 15:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31