Мәселе

Елімізде жыл сайын 70 мың түсік жасалады

  • https://islamdag.ru/

    https://islamdag.ru/

Әсіресе, жасөспірімдер арасында бойға біткен баладан құтылуға асығатындар азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Мәселені түбегейлі шешу үшін жыныстық тәрбие бойынша ұлттық бағдарлама әзірлеу керек. Сарапшылар осылай дейді.

 

Тәуелсіз зерттеушілердің есебінше, елдегі отбасылардың 16%-і бала сүйе алмай отыр. Бұл өз алдына өзекті мәселе. Ал 15 пен 18 жас аралығындағы 1000 қыздың әрбір бесіншісі түсік жасатуда. Әділетсіздік дерсіз. Бірақ екеуіне де жыныстық сауаттылықтың жоқтығы себеп екенін білесіз бе?

 

Галина Гребенникова, Қазақстанның Репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығының атқарушы директоры:

 

- Финляндия, Эстония сияқты мемлекеттерде жыныстық сауаттылық мектеп бағдарламасында бар. Жеке пән болмаса да, балаларға ақпарат беріледі. 2018 жылғы зерттеуге сүйенсек, біздің елдегі жасөспірімдер жыныстық қатынасты 16 жастан бастайды екен. Ал Эстонияда 18-ден асқанда ғана. Ақпарат көп болса, жасөспірім бұрыс жолға түсіп кетеді деп түсінбеу керек. Елде қолға алынып жатқан азды-көп жұмыстар нәтиже берді. Мұны мына деректен байқауға болады. 2012 жылы бізде 14 жастағы балалар жыныстық қатынасқа түсетін. Енді біз ұлттық бағдарлама дайындап, жасөспірімдердің сыни ойлауына ұйытқы болуымыз керек. Тым болмаса, жат әдеттерге «жоқ» деуге үйрету маңызды.

 

Құрылғанына 25 жыл болған қауымдастық бірқатар ұсыныс дайындаған. Әзірге құзырлы органнан қадам жасалмады. Оған қоғамның ұлттық мәдениет пен құндылықтарды желеу етіп, жараны емдеудің орнына бетін жауып қоюды дұрыс көруі себеп. Бірақ жасөспірімнің кейінгі өмірі қалай болады? Өздері отбасын құрар шақта түсініспеушілік орнап, күйзеліске түсетіндер қаншама?

 

Альвина Юсупова, отбасылық психолог:

 

- Сәби көтере алмай жүрген әйелдер бізге өзін кінәлай келеді. Олармен сөйлескенімізде бала күніндегі проблемалары шыға бастайды. Баланы ата-әжесіне беру, отбасындағы түсініспеушілік, ата-анасына реніш, ерте жыныстық тәжірибе, осының бәрі ол әйелдің ана болуға іштей дайын еместігін көрсетеді. Отбасын құрмай тұрып, толық тексерілу өз алдына, жұптардың психологиялық сәйкестігіне де көз жеткізу маңызды. Ол үшін асықпай сөйлесу керек. Бір-бірінен ештеңе жасырмағаны жөн.

 

Статистикаға сүйенсек, жыл сайын елде 7000 жасөспірімнің жүктілігі тіркеледі екен. Мұның қаупі басым. Себебі ондай жағдайда жас ананың денсаулығы бұзылады, бөбек мерзімінен бұрын кішкентай салмақпен тууы мүмкін. Ана мен бала өлімі де жығылғанға жұдырық болып тұр.

 

Галина Гребенникова, Қазақстанның Репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығының атқарушы директоры, акушер-гинеколог:

 

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жыныстық тәрбие туралы бағдарламасы бар. Мына жастан бастау керек деген қағида жоқ. Баланы кішкентайынан үйрету қажет. Яғни отбасындағы қарым-қатынас, әңгімелесу, сыр бөлісу өте маңызды. Бір мезетте бойы өсіп, дене бітімі өзгере бастаған балаларда қорқыныш болуы мүмкін. Көп жағдайда «болды мен есейдім» деп түйетін жасөспірімдер бар. Олар тәрбиені интернеттен алып жатқаны жалған емес. Міне, сондықтан білім беру жүйесінде бекітілген ұлттық бағдарлама болғаны абзал.

 

Десе де, өмірге сау ұрпақ әкелуді армандап, әрекет жасайтын жастар аз емес. 

 

Жанна Ковальчук, акушер-гинеколог:

 

- Қазіргі жастар арасында спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанатындар артып келеді. Дұрыс тамақтану деген жақсы үрдіске айналды. Бұл да болашақ ұрпаққа оң әсер етеді. Мен сәби сүюді жоспарлау алдында міндетті түрде мамандармен кеңесуді сұраймын. Генетикалық сәйкестікті де анықтап алу керек. Бұл берекелі отбасын құруға негіз болар факторлар.

 

Жыныстық жолмен жұғатын аурулар өте көп. Бұл да қоғам үшін қасірет.

 

«Сондықтан әлемдік тәжірибені електен өткізіп, тиімдісін кәдеге жарату маңызды», - дейді сарапшылар.

 

 

 

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 09:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30