Мәселе

Елімізде жыл сайын мыңдаған азамат ата-ана құқығынан айырылады

  • Елімізде жыл сайын мыңдаған азамат ата-ана құқығынан айырылады

    Елімізде жыл сайын мыңдаған азамат ата-ана құқығынан айырылады

Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Жасұлан Байкенов хабарлады. 
Оның айтуынша, тұрмыстық-отбасылық қатынас саласында жасалатын құқық бұзушылыққа әлеуметтік проблемалар, соның ішінде, шектен тыс ішімдік ішу себеп болып отыр.

ІІД өтінішхаты бойынша алкоголь ішу салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылысымен есепте тұрған 3756 азаматты сот медициналық мекемеге мәжбүрлі түрде емделуге жіберді. Одан бөлек, жыл сайын осындай мыңдаған тұлға ата-ана құқығынан айырылады, - деп атап өтті Жасұлан Байкенов.
Ведомство отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептерін жою бойынша алдын алу шараларын жүргізу кезінде барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тартады.

Отбасылық зорлық-зомбылық көптеген әлеуметтік және жеке проблемаларды тудыратын өте өзекті де ауқымды мәселе ретінде қарастырылады. Зорлықтың құрбаны болғандарға көмек көрсету үшін елімізде дағдарыс, отбасыны қолдау орталықтары, «сенім телефондары», отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, психологиялық-медициналық-әлеуметтік орталықтар, сондай-ақ уақытша немесе тұрақты асырап алатын отбасылар бар, - деді басқарма басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұрғаны туралы жазған болатынбыз.

BAQ.KZ




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 13:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31