Мәселе

Елімізде кәмелеттік жасты төмендету ұсынылды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанда кәмелеттік жасты 18-ден 16-ға дейін төмендету қажет. Бұл зорлыққа ұшыраған жеткіншектердің тиісті медициналық қызметке жүгінуіне мүмкіндік бермек. Дағдарыс орталықтарының одағы бүгін осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Мұндай қадам балаларды әлімжеттіктен қорғап, оңалту шараларын тиімді жүргізуге жол ашпақ.

 

Жалпы балаларға арналған жабық мекемелер бақылау камераларымен толық қамтылмаған, жеткіншектердің зорлық-зомбылыққа ұшырағанына қатысты шағым түсіретін арнайы желі жоқ.

 

Бұдан бөлек, жабық мекеме қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған тәрбиеленушілердің құқығына қатысты білгені аз.

 

Сондықтан көп жағдайда, бүлдіршіндердің құқығы аяқ асты етіледі дейді қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

 

Сондай-ақ тұрмыстағы зорлық жасағаны үшін жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікке тарту әлі қолға алынбады.

 

Бас прокуратураның ресми мәліметі бойынша былтыр кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлауға қатысты 199 қылмыс тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге артық.

 

 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 16:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31