Мәселе

Елімізде мыңнан аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда 1200 адам із-түссіз жоғалғандар санатында тұр. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазрігі уақытта 1200 адам із-түссіз жоғалғандар санатында тұр. Оның ішінде 22 бала бар. Әсіресе ер адамдар көбірек жоғалады, бұл олардың өзге өңірлерге қызметтік іссапарларына, маусымдық жұмыстарына және көлік тасу, жүк тасу сынды түрлі рейстеріне байланысты», - деді департамент басшысы министрлік ұйымдастырған апталық брифингте.

 

Оның айтуынша, әйелдер арасында көп жағдайда спирттік ішімдікке салынғандар жоғалады.

 

«Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдер де жоғалады. Онда ата-анамен ренжісу, олардың үнемі спирттік ішімдік ішкені үшін ұрысу негізгі себеп болуы мүмкін», - деп түсіндірді Д. Таев.

 

Тәжірибеге сәйкес, 100 оқиғаның шамамен 80-інде жоғалған азаматтар табылады және туыстарына оралады.

 

«Ірі қалаларда жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға үгіттейді және сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлейді. Еңбекті қанау бойынша азаматтарды сыртқа алып шығып, ауылдық жерлерде еңбек етуге көндіреді. Мұндай қылмыстар барлық облыстардан анықталады», - деді Думан Таев.

 




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31