Мәселе

Елімізде "Омикрон" штамы таралса, жаңа жылдық кештерге тоқтау салына ма? Маман жауап берді

  • Елімізде

    Елімізде "Омикрон" штамы таралса, жаңа жылдық кештерге тоқтау салына ма? Маман жауап берді

Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелуі көбейсе, жаңа жылдық кештер тоқтатылуы мүмкін, деп мәлімдеді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өткен брифингте. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маман санитарлық эпидемиологтар карантинді күшейту мәселесіне мереке қарсаңында болатын жағдай әсер ететінін атап өтті. Қалада омикрон штамы анықталса, мерекелік кештер тоқтай ма деген сұраққа Әсел Қалықова былай жауап берді.

 
"Аурудың көбеюіне тек "омикрон" ғана әсер етіп отырған жоқ, оны барлық штаммдар тудыруда. Әлбетте, кейбір қосымша шаралар қабылданатын болады. Ал қазір үкім шығаруға немесе қорытынды жасауға әлі ерте, бірақ шараларды назардан тыс қалдырмау қажет, оларды сақтау керек", –  деді ол.

Маман сонымен қоса зертханалар инфекцияның барлық нұсқаларын анықтау үшін жұмыс істеп жатқанын да айтты.
18 қарашада қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин кез келген ұжымдық іс-шараларға, соның ішінде жаңа жылдық корпоративтік кештерге де тыйым салынғанын айтқан еді. Кейінірек қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ешқандай тыйым жоқ екенін, тек банкеттер өткізу кезінде мекемелер шектеу шараларын сақтау керек екенін айтқан.

Бүгін үкімет "омикронның" таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шара қабылдады. Ол бойынша 11 елден кіруге шектеу қойылып, Египетпен әуе рейстері тоқтатылады.




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 15:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31