Мәселе

Елімізде сатылып жатқан 3000 ойыншықтың 60 пайызға жуығы талапқа сәйкес келмейді

  • Елімізде сатылып жатқан 3000 ойыншықтың 60 пайызға жуығы талапқа сәйкес келмейді

    Елімізде сатылып жатқан 3000 ойыншықтың 60 пайызға жуығы талапқа сәйкес келмейді

Осылайша қазақстандық кәсіпкерлерге 22 миллион теңгеге айыппұл салынды. Мұндай мәліметті Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір дүкен мен базар сөрелерінде ойыншықтың алуан түрі бар. Алайда, көздің жауын алатын бұл тауарларды сатып алуға бәрінің бірдей қолы жете бермейтін сияқты.

Ел нарығындағы ойыншықтардың құны бәсекелестіктің жоқтығынан қымбат. Еліміздің Сауда және интеграция министрі осылай деп пайымдайды.

«Біздің өндіретін қазақстандық тауардың өзінің сапасы мен көлемі аз болғандықтан, біз тиісті, айтып өттім ғой техникалық регламенттерде біздің министрліктің әсері де жоғары деңгейдегі стандарттар мен техникалық регламенттерді енгізу олардың барлығы аяғында біздің әріптестеріміз салалық министрліктермен біз жұмыс істеп отырмыз. Оның аяғында осындай өндірушілерді біз өсіруіміз қажет. Сондықтан бұл нарықта қазақстандық тауардың саны көтерілген кезде оның сапасы да, бағасы да басқаша болады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Статистика комитетінің айтары осы. Ведомтсво ақпаратынша Қазақстанда ойыншық өндірумен небәрі 4 кәсіпорын айналысады екен. Демек, ел нарығында саудаланып жатқан тауардың дені - импорттық өнім. Олар негізінен Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстаннан әкелінеді. Ал шет мемлекеттерден әкелінетін бұл ойыншықтардың сапасы қалай тексеріледі?

«Біз ай сайын мониторинг жүргіземіз. Ойыншықтарды сатып алып, сапасын, құрамын жіті тексереміз. Былтыр сараптамаға арналып сатылып алынған 2920 ойыншықтың 56 пайызы талапқа сай келмеді. 90 пайызы дұрыс таңбаланбаған. Тауарларды кім өндірген? Жас шектеуі? Мұның барлығы белгіленбеген. Ал 4 пайызы қауіпсіздікке қайшы. Ойыншықтардың құрамында аллергия, бастың айналуы, жүректің айнуын қоздыратын фенол, фармальдегид сынды заттардың мөлшері тым жоғары болған. Олардың көбі Қытайдікі», - деді ҚР ДСМ Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті техникалық регламенттерді бақылау басқармасының бас сарапшысы Рабиға АЙТЖАНОВА.

Осылайша талапқа сай келмейтін ойыншықтарды саудалаған қазақстандық кәсіпкерлерге байланысты 185 әкімшілік іс қозғалып, 22 миллион теңгеге айыппұл салынған. Алайда, Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті базарлар мен нарықтардағы ойыншықтарды тексеруге мүмкіндік жоқ дейді. Тек түбіртек берілетін сауда орындарына ғана қолжетімділік барын жеткізді. Ал, саудагерлер болса, отандық ойыншық сапасыз дейді.

Бір байқағанымыз, дүкен сөрелеріндегі отандық ойыншықтардың құны импорттықтардан әлдеқайда жоғары. Мәселен, Қазақстанда жасалған мына машинаның бағасы 4 мың теңге болса, дәп осындай көлемдегі белорустық өндірістен шыққан ойыншықтың құны 3 мың теңге. Алайда, қолға ұстап көрсең, отандық тауардың сапасы импорттықтан әлдеқайда төмен екенін байқайсың.




Көрілген: 220    Пікірлер: 0

сенбі, 15.02.2020, 13:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30