Біріккен ұлттар ұйымы сарапшыларының жүргізген зерттеуі нәтижесі бойынша алкогольді ішімдікке тәуелді елдер тізімінде Қазақстан алғашқы ондыққа кіреді екен. Бұл елімізде әр жанға 11 литр ащы судан келетінін көрсетеді. Ал бұл көрсеткішті көбіне кәмелетке толмаған балалар толықтырады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Еліміздегі ең кішкентай араққұмарлардың бірі Өскеменде тұрады. Алты жасар бала дұрыс сөйлей алмаса да, алкагольді ішімдікке әбден үйреніп алған. Ал жалпы ащы суға құмар балалардың көшін Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының жеткіншектері бастап тұр екен.
«Маған әр түрлі жастағы науқастар қаралады. Мәселен, 10-12 жастағы балалар да келеді. Алайда, бір рет менде енді ғана туған сәби де емделген. Оның анасы жүкті болғанда, ішімдікке жақын болыпты. Осылайша, баласы да алкоголизмге шалдығып дүниеге келген», – дейді нарколог Валентина Гниненко.
Бұл мәселеге пікір білдірген заңгер балалардың қоғамдық орындарда арақ-шарап ішсе, жауапкершілік тікелей ата-анасына жүктелетінін айтты.