Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елімізде сот шешімдеріне қатысты шағым көбейді

19 желтоқсан 2022, 14:13

Елімізде сот шешімдеріне қатысты шағым көбейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Сондықтан Президенттің конституциялық реформасының басты мақсаттарының бірі –  әрбір азаматтың мүддесін қорғаудың құқықтық құралдарын күшейту.

 

Бұл тұрғыда қазақстандықтар Конституциялық Сотқа үлкен үміт артады. Заңгерлер академиясының директоры Альмира Шай-хина осылай деді.

 

Халықаралық конференцияда Еуразиялық экономикалық қоғам-дастық сотының өзара іс-қимылы мен құзыреттерінің аражігін ажырату мәселелері сөз болды. Шараға Литва Республикасынан арнайы келген Конституциялық сот өкілдері қатысты. Олар жергілікті заңгерлермен өзара тәжірибе алмасып, бұл тұрғыдағы жұмыстың негізгі міндеттерін түсіндірді. 

 

Еске салайық, Конституциялық сот келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өз жұмысын бастайды. Тиісті заңға Мемлекет басшысы өткен айдың 5-не қол қойған болатын.

 

Альгис Норкунас, Литва Конституциялық Сотының судьясы:

 

- Біз бұл конференцияға қатысып отырғанымызды мақтан тұтамыз, шақырту алғанымызға қуаныштымыз. Біз жергілікті заңгерлерге «Конституциялық сот» ұғымын барынша түсіндіруге тырыстық. Бір сөзбен айтқанда, өз тәжірибемізбен бөлісіп жатырмыз. Шараның басты мақсаты да осы. Мұндай конференциялар Литва мен Қазақстан арасындағы серіктестікті нығайтатынына сенімдімін.