Мәселе

Еліміздегі өлім жазасы: Сіз білмейтін фактілер

  • News-Asia

    News-Asia

2003 жылы Қазақстан Республикасы өлім жазасына байланысты мерзімсіз түрде мораторий жариялады. Яғни, өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айырылу немесе белгілі мерзімде қатаң бақылаудағы түрмеде қылмысын өтейді.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы 17 жағдайда қарастырылған: террористік әрекетке бару; адамдарды көп мөлшерде қыру, соғыс уақытындағы жоғарғы деңгейдегі қылмыс жасау.


Нақтырақ тоқталсақ: «соғыста тыйым салған құрал мен әдісті пайдалану», «геноцид», «жалдамалы болу», «соғыс уақытында мемлекетті сату», «ҚР алғашқы президентіне қастандық жасау», «ҚР Президентінің өміріне қастандық жасау», «Диверсия», «Терроризм актісі», соғыс уақытында әскери қызметтен жалтару мен бас тарту», «Соғыс уақытында қашу».


Өлім жазасына мораторий жарияламас бұрын елімізде 536 адамға сот үкімі орындалған.


Ал 2003 жылдан бері 5 адам өлім жазасына кесілген. Мораторий жарияламас бұрын тек 2003 жылы 12 адам өлім жазасына кесілді.


2004 жылдың 1 қаңтарынан бері мораторий шексіз мерзімде заңдық күшіне енді. Дегенмен кез келген сәтте заң өз күшін жоя алады.


Қазіргі сәтте 100 шақты адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Олар жазаларын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясында өткереді.


Қазақстанда өлім жазасы атумен іске асқан.


Өлім жазасы соттың үкімі шыққан соң, 1 жыл ішінде жүзеге асырылады.


Заң бойынша өлім жазасына жасы 63-тен асқан тұлғалар кесілмейді.


Еліміздегі бірнеше террористік актілерден кейін бірнеше рет өлім жазасына мораторийді алып тастау туралы ұсыныстар тасталған.


arhar.kz

 




Көрілген: 1037    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31