Еліміздегі Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады

18 мамыр 2022, 17:59

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, еліміздегі жарты миллион Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі маусым айының соңында аяқталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі басшысының жаңа орынбасарын тағайындады
«Бүгінде елімізде Pfizer вакцинасының қоры 1 млн дозаны құрайды. Мерзіміне қатысты айтар болсам, жарты миллион вакцинаның жарамдылық мерзімі маусым айының соңында аяқталады», – деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
арамдылық мерзімі бітуге жақын вакцинаның неліктен көп қалғанын да түсіндіріп өтті.

«Pfizer вакцинасы бастапқыда бізде бар вакцина түрлерін ескере отырып, балалар мен жүкті әйелдерге сатып алынған болатын. Бүгінде вакциналауға жататын жүкті әйелдердің не бәрі 30 пайызы ғана екпе алды. Сондықтан қалған вакцина ел тұрғындарына салынып жатыр», деп түсіндірді министр.