Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Cиноптиктер 17 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
 
Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысының кейбір жерлерінде тұман күтіліп отыр. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
 
Маңғыстау облысында шығыстан жел соғып, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.
 
17-19 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. 17 қарашада күндіз, 18-19 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 25 м/с жетеді.
 
Синоптиктер Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп отыр. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с артады.
 
Ал Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтілуде.
 
Сонымен қатар, Қостанай облысының кей жерлерінде де тұман түседі деп болжанып отыр.