Еліміздің қанша адамы түрмеде жатқаны айтылды

22 желтоқсан 2021, 17:36

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов елімізде қанша адам түрмеде жазасын өтеп жатқанын айтты.
 
Қазақстанда егемендік алған сәттен бастап барлық процестерді, атап айтқанда қылмыстық-атқару заңнамасы саласындағы барлық процестерді тиімді реттейтін қазіргі заманғы құқықтық жүйені қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр, - деп айтты комитет төрағасы.
Сөзінше, жүргізіліп жатқан қайта құрулар белгілі бір оң нәтижелер беруде. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан түрме индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігінде болды.

Соңғы 20 жылда бас бостандығынан айыру орындарында ұсталғандар саны 2,5 есеге азайды және қазір «Түрмедегі халық индексінде» Қазақстан 3-орынға көтерілді. Сондай-ақ еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде 80 мекеме бар. Оның 64-і бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға арналған және 16-сы тергеу изоляторы, - деп толықтырды Жанат Ешмағамбетов ОКҚ-да.
Оның мәліметінше, оларда 35 мыңға жуық адам бар, оның 30 мыңы сотталған, 4 мыңы тергеуде, олардың негізгі бөлігі, яғни 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқандар және 45 пайызы бұрын сотталғандар.


Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

BAQ.KZ