Еліміздің қай өңірлерінде төтенше жағдай режимі сақталды?

16 қаңтар 2022, 22:42

Бүгінгі күні еліміздегі бірқатар өңірлерде әлі  де төтенше жағдай режимі сақталып отыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 

Бұл тізімдегі өңірлер қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстары бар.

 

Бұл өңірлерде төтенше жағдай режимі 19 қаңтарға дейін жалғасады. ТЖ кезінде коменданттық сағат уақытында көлік қозғалысы мен тұрғындардың еркін жүріп-тұруына тыйым салынады.

 

Айта кету керек, бүгін 16 қаңтарда Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі алынды.

 

Құқық қорғау өкілдері коменданттық сағат кезінде үйден шықпай, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.