Мәселе

Еліміздің кей өңірлерінде ҰБТ комиссиясына дастарқан жайылып, ішімдік құйылған (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қазақстанның кей өңірлерінде облысқа ҰБТ өткізуге келген БҒМ комиссияларына арнап салтанатты дастарқан жайылып, ішімдік қойылған. Аталған фактілер тәртіп бұзушылық болып саналады деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Білім беру саласының кейбір қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдаланғанын облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер хабарлады. Хабарлардың басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы жіберілген.


Ведомствода 20-30 маусым аралығында еліміздің барлық аумағында ҰБТ өткізілген кезде өңірлерге БҒМ-ның 169 комиссиясы келіп жеткенін хабарлады.


Әрбір комиссия педагогтар, техникалық жұмысшылар, бағдарламашы секілді әртүрлі бағыттағы мамандардан тұрды. Жалпы топтың құрамына 15 адамға дейін кірді.


Олар келіп жеткен кезде жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ҰБТ өткізуге жауаптылар үшін кешкі ас ұйымдастырған.


Осылайша Жамбыл облысындағы дәмханада бірге тамақтанып, ішімдік ішкен жергілікті филиал басшысы мен комиссия мүшелері назарға ілікті.


Осыған ұқсас жағдай Алматыда камераға түсіп қалды. Онда UIB-Халықаралық бизнес университетіне келген БҒМ комиссия өкілдері үшін банкет ұйымдастырған.


Бұл іс-әрекет қызметтік этиканы бұзу және қызмет бабын асыра пайдалану болып табылады.


Барлық деректер бойынша тергеу басталды.


 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 17:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31