Мәселе

Елорда дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады (видео)

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Гауһар Бисарина facebook парақшасына жариялаған видеода елорданың дәрігерлері, мейірбикелер, жедел жәрдем қызметкерлері қала тұрғындарын коронавирус індетін жеңу үшін үйде отыруға шақырады.

 

«Менің атым Бақытжан. Біз Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріміз. Қазір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатырмыз. Сіздерден көмек сұраймыз. Үйде отырыңыздар» дейді дәрігерлердің бірі.

 

Инфекционист-дәрігер Ақбота да қазір маңызды сәт екенін, бұл жаттығу еместігін баса айта келе індеттен қорғанудың жалғыз мүмкіндігі - үйде болу екенін баса айтады.

 

«Менің балаларым үйде отыр. Сіздің балаларыңыз ше? Үйде қалуыңызды сұраймын» дейді медицина саласында 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жұпаргүл есімді мейірбике.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 263    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30