Мәселе

Елорда тұрғындары діни нысанның орнында балабақша болғанын қалайды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

«Елордадағы «Рақым» діни бірлестігіне келушілердің дауысы сыртқа естіледі. Бұл балалар мен егде жастағы адамдарды еліктіруі мүмкін», - деп алаңдайды жергілікті тұрғындар. Бірақ бірлестік өкілдері мәселені жоққа шығарып отыр. Шағымданушылар діни нысанның орнында тәрбие және білім беру мекемесінің болғанын қалайды.

 

Александр Кравцов көшесінің тұрғындары жергілікті «Рақым» атты діни бірлестігі үстінен шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, аталған қоғамдастық айналадағы адамдарды өз ортасына тартуы мүмкін.

 

 Шағымданушылар діни бірлестіктің №5 мектеп-гимназияға жақын орналасқаны жайында алаңдайды.

 

«Кез келген бала бірінші кезекте білім алуға ұмтылу керек. Санасы әлі қатпаған оқушылар жеке діни таңдауын кәмелет жасына толғанда ғана өздері жасай алады», - дейді ашынғандар.

 

Блиц 1: - Діни бірлестік қызметкерлері балаларға жақындап, Құдай туралы айтады. Өз басым бұған қарсымын. Оның орнында балабақша ашылсын. Қалада тәрбие және білім беру мекемелерінде орын тапшы.

 

Блиц 2: - Іргелес орналасқан мектеп негізінде 700 орынға шақталған, бірақ онда қазір 1500 оқушы екі ауысыммен білім алады. Бірақ балалар саны жыл санап артуда. Өзім №5 мектеп-гимназияда мұғалім болып қызмет етемін.

 

Кейін түсірілім барысында жанымызға аталған ғибадат үйінің өкілдері келіп, жергілікті тұрғындар айтқан мәселені жоққа шығарды.

 

Жақсылық Жүзганов, «Рақым» діни бірлестігінің аға пасторы:

 

- Қазір көктемнен бастап барлық қызмет онлайн. Қарасаңыздар, арақашықтық ішіндегі қызметінің дауысы ол сыртқа шығады дегендей. Қазір ана жақта болып жатқанын сіз де естімейсіз ғой. Қоршалған толыққанды, ішінде өткіземіз, онлайн, адам жоқ. Енді білмеймін, қандай шу шығатынын.

 

Еске сала кеткен жөн, 2013 жылы «Рақым» діни бірлестігінің кейбір қызметкерлері шіркеу келушілеріне эйфория әсерін тудыратын сусын берді деп айыпталған болатын. Пастор Жақсылық ұйым мүшелеріне қандай сусындар берілетіні туралы айтты.

 

Жақсылық Жүзганов, «Рақым» діни бірлестігінің аға пасторы:

 

- Каркадэ шайға адам қалай, кішкене шайға неғылатындай.

 

 - Яғни тек каркадэ ішті келушілер?

 

- Иә. Шай кәдімгі. Бірақ негізі нан үзу рәсімі деген бар. Онда кішкене жүзім шырыны  қолданылады, болғаны.

 

Жалпы діни бірлестік ауласы шамамен 1,3 гектар аумақты алып жатыр. Қоршау ішінде құрылысы тоқтап тұрған қосалқы ғимаратты да байқадық. Жоба бойынша жұмыстар 2022 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда жыл басында басталған карантин және жер учаскесін тәркілеу процедурасы жоспарды өзгерткенге ұқсайды.

 

Самат Сәрсенғалиев, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

 

- Жүзден астам тұрғын бізге шағымданып, «Рақым» діни бірлестігі орнын білім беру мекемесіне беру туралы ұсыныс айтты. Біз осыны ескере келе, ғимараттың нысаналы мақсатын көру қабілеті нашар балаларға арналған балабақшаға өзгертуді көздеп отырмыз. Қазіргі уақытта шіркеу орналасқан жер телімін мемлекет пайдасына қайтару процедурасы жүріп жатыр. Процесс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Тәуелсіз бағалау жұмыстарынан кейін діни қоғамдастыққа өтемақы немесе басқа ауданнан жер телімі беріледі.

 

Айта кеткен жөн, «Рақым» шіркеуінде қазір 24 қызметкер еңбек етеді. 500-ге жуық тұрақты келушісі бар.

 

24.kz




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 02:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30