Мәселе

Елорда тұрғыны қоқысты терезеден лақтырып, лифтке тастап кетіп отырған

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Нұр-Сұлтан қаласында қоқысты пәтер терезесінен лақтырып, лифтке тастап кететін 60 жастағы тұрғынға 14 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Елорданың Алматы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторына Қошқарбаев көшесіндегі үй тұрғындарынан көршілері лифтке қоқыс пакетін тастап кеткені туралы аудиохабарлама түскен.

 

Бақылау камерасындағы жазбаларды тексерген полиция өкілі түнгі сағат 2.00-де әйелдің екі пакетпен лифтке кіріп, шығарда қоқыс пакетін қалдырып кеткенін анықтайды.

 

«Бұл аталған азаматшаға қатысты түсіп отырған алғашқы шағым емес. Көршілері оның қоқысты көбінесе терезеден тастайтынын айтып отыр. Учаскелік инспектор Жүсіп Абдраманов сол күні үшінші подъезде тұратын 60 жастағы тұрғынды анықтады. Белгіленбеген орынға қоқыс тастағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

 




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 00:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30