Мәселе

Елордада №1 автобус паркі карантинге жабылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтанда №1 автобус паркі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

 

«Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды. Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустар дезинфекциядан өтті. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, қалғандары үй карантинінде», - деді әкімдіктен.

 

Айта кетейік, 27 наурыздан бастап елордада жолаушыларға автобустың алдыңғы есігі арқылы кіруге тыйым салынды.

Жүргізушілер отыратын жер арнайы лентамен қоршалды. Қолма-қол ақша төлеуге болмайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер ғана қабылданады. (Бүгінгі таңда қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98% құрайды).

 

26 наурыздан бері автобустар кешкі сағат 19.00-ге дейін ғана жүреді.

 

28 наурыздан бастап карантиндік аймақта орналасқан барлық қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Олар Қосшы, Тайтөбе, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин, «Нұрлы» саяжай кенттері (№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

 

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап, бірқатар қосымша қатаң шаралар бекітілді:

1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);

5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 09:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31