Мәселе

Елордада «30 игі іс» эстафетасы басталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Егемендігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шараға волонтерлер мен елімізге жанашыр азаматтар атсалысады.

 

Қазірдің өзінде бас қаланың кейпіне көрік берер нысандар салынып, қайырымдылық шаралары бастау алды.

 

 Елімізді сынға алған кезеңде қысылып қалған Гүлзира апай &ndash бес баланың анасы. Жағдайы қиындаған соң көптен көмек сұрауға мәжбүр болған. Көпбалалы анаға көпке белгілі актер көмек қолын созып, азық-түлік алып берді.

 

Гүлзира Әшірбаева, көпбалалы ана:

 

&ndash Рахмет айтамын. Карантин кезінде көпбалалы аналарға аз болса да, көп болса да, әйтеуір көмектесіп жатыр.

 

Олжас Сыдықбек, қала әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы директорының орынбасары:

 

&ndash Жұмыстан кейінгі уақытта шығып арнайы тізім бойынша мұқтаж отбасыларға барып, көмек беріп тұрамыз. Бұл &ndash игі іс. Жалпы мейірімді болу, игі іс жасау, көмек қолын беру қазақтың қанында, біздің тәрбиемізде бар.

 

Осылайша елордада басталған «30 игі іс» эстафетасының тұсауы кесілді. Волонтерлер да қайырымдылық жасап, қайырын көруге ниетті. Қалада құрылған штаб құрамында 2500 ерікті бар. Олардың бір бөлігі қала тұрғындарына тегін маска таратып, жақындарына жанашыр болуға шақырды.

 

Аян Ерментаев, қалалық волонтерлер штабы төрағасының орынбасары:

 

&ndash Пандемияның кең ауқымда орын алып отырғандықтан, соны алдын алу мақсатында келесі жылдары тек қана жақсылық болсын деген ниетпен волонтерлер штабы жиыла отырып, «30 игі істі» бастаған болатын. Маска таратумен аяқталмай, қаламыздағы көпбалалы отбасыларға, іс-қимыл әрекетіне келмейтін кісілерге көмектесуге әрқашан дайынбыз.

 

Әрине, игі шаралар саны 30-бен шектелмейді. Ұйымдастырушылар қалаға сән берер нысандар салып, жұртшылық игілігіне жарар жақсылықтарға мұрындық болып жүрген жандар жайлы талай естиміз дейді.

 

Эстафета бір жыл көлемінде жалғасатын болады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 08:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2020
    Сиыр жылына шолу
    28 Желтоқсан 2020
    ТАЗА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31