Мәселе

Елордада болған атышулы жол апатынан зардап шеккендер әлі өтемақы алмаған

  • © Almaty.tv

    © Almaty.tv

Нұр-Сұлтан қаласында осыдан шамамен бір жарым ай бұрын орын алған сұмдық жол көлік апатынан зардап шеккен азаматтар әлі күнге дейін өтемақыларын ала алмай отыр. Бұған себеп тергеу амалдарының аяқталмағандығы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, алапат апат 26-наурыз күні елордадағы Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орын алған болатын. Салдарынан екі адам мерт болды. Ал зардап шеккен 30-ға жуық адамның 7-інің жағдайы тым ауыр.


Бұл жантүршігерлік жол апатын әсіресе, Зина Ақжанова ешқашан ұмыта алмайды. Оның төсекке таңылғанына осымен 53 күн болды. Бірақ бәрі күні кешегідей көз алдында сайрап тұр.


«Басымды көтеріп қалсам, 12 автобус мыжылып кеткен, 303 автобустың жартысы бізге кіріп кеткен. Салонда айқай-шу, жылау. Менің аяғымда жан жоқ. Не боларын әлі білмеймін», – дейді зардап шегуші Зина АҚЖАНОВА.


Туыстарының айтуынша, ақ халаттылардың өзі науқастың жүріп кететініне кепілдік бере алмай отырса керек. Омыртқасы сынған ол мүгедек болып қалуы да мүмкін.


«Жағдайы өте ауыр. Бүгін нейрохирургиядағы квотасы аяқталды. Әрі қарай емдеу үшін 900 мың теңге қажет. Алайда ондай ақша жоқ. Өзі елордада пәтер жалдап, қызының оқуын төлеп келді. Тұрақты жұмысы болмағандықтан, әр жерде жұмыс істеп күн көретін. Енді әрі қарайғы тағдыры не болмақ. Білмейміз. Бүгінге дейін ешкімнен ешқандай көмек болған жоқ. Автопарк те, Астана ЛРТ да құр сөзбен құтылады. Мәслихатқа хат жаздық. Қажет болса, сотқа да жүгінеміз», – дейді туысы Айгүл ҚАЛТАЕВА.


26-наурыз күні таңғы сағат 9:15-те Қосшы ауылынан келе жатқан 303-ші автобус жүйткіп келіп, бар екпінімен бағдаршамда тұрған екі автобусты келіп соғаады. Екі жеңіл және бір жедел жәрдем көлігі зардап шекті. Салдарынан екі адам мерт болды. Олар: 53 жастағы Абай Оспанов пен 26-жастағы Айзат Нұрекенова. Бұдан бөлек, жолаушылардың 30-ға жуығы ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан кейін бірден сұхбат берген №1 автопарк өкілі зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетеледі деп сендірген болатын. Алайда, науқастар тиісті өтемақысын алған жоқ.


«Қазіргі таңда әлі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот әлі аяқталған жоқ. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана сақтандыру компаниясы зардап шеккендерге өтемақыны төлейді. Әлі сараптама дайын емес. Осы себепті сот кешігіп жатыр», – деді «Астана Lrt» компаниясы қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат АЗАНБАЕВА.


Ал, заңгерлер процестің заңды жүріп жатқанын айтады. Зардап шегушілер ем-домға кеткен қаржының чектерін істі тергеп жатқан органдарға ұсынуы қажет дейді.


 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.05.2019, 17:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30